Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда карантин режиміне өзгеріс енгізілді

2020 жылдың 6 тамыз 2020 00:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің 2020 жылғы 2 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаулының 2-тармағының 24) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

ұйымдар мен кәсіпорындарға, сондай-ақ ауыл және балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетуді қоспағанда, автомобиль жуу, автомобиль көлігін (техникалық қызмет көрсету станциясын) жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі қызметке тыйым салынсын;

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның) жұмысын алдын ала брондау бойынша қатаң түрде Egov.kz, egovkzbbot 2.0 телеграмм-боты жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, CaII орталықтарының жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сағат 09.00-ден бастап. сағат 15.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілсін;

Республикалық маңызы бар (Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал, Атырау-Астрахань, Атырау-Маңғыстау) автокөлік жолдарының бойында орналасқан шиномонтаж және вулканизация объектілерінің жұмысына рұқсат берілсін» -делінген құжатта.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 3 тамыздан бастап қандай қызмет түрлеріне тыйым салынатынын хабарлап едік.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Карантин,
Жоғары қарай