Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Атырауда кәріз құбыры маңынан нәресте табылды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 02:17

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кәріз коллекторының маңынан нәресте табылды, құзырлы орган өкілдері қазір нәрестені құтқарумен айналысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәрсенбі күні түске дейін Авангард шағын ауданының тұрғыны кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен кішкентай баланың жылаған даусын естіген. Коллекторға жақындағанда тұрғын кішкентай нәрестені көрген. Баланы үйіне алып келген ійел бірден жедел жәрдем мен полицияға хабар берген.

«Иә, мұндай жағдайдың болған рас. Табылған нәресте қыз бала. Қазір оның жағдай ауыр, бірақ тұрақты. Медицина мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


А.Соколов


Автор Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай