Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» ашылды

2020 жылдың 26 қазан 2020 14:57

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатыбалдиевтың мәлім етуінше, мақсат – Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Жобалық топтың құрамына департаменттің әскери есепке алу, шақыру, кадр жұмысы және қаржы қызметі мәселелері жөніндегі әскери қызметшілер мен азаматтық персонал мамандары кірді.

Жобалық кеңсенің талабына сәйкес, кезекші өздерін толғандырған сұрақтармен келушіні тікелей қабылдауды жүзеге асыратын кеңсе басшысына хабарлайды. Қажет болған жағдайда мәселені оң шешу үшін жобалық топтың тиісті мамандарын шақырады.




«Кеңсе құрамында негізгі мәселелер бойынша лауазымдық тұлғалар да бар. Олар өңір тұрғындарының әскери саладағы сұрақтарына жедел, уақытылы және шынайы жауап беруге дайын», - деді жобалық кеңсенің басшысы, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатыбалдиев.




Оның айтуынша, жобалық топ азаматтардың мәселелерін шешу үшін нақты шараларды қабылдайтын болады. Жұмыстың тиімділігі департамент бастығына жазбаша өтініш беру, бағынысты біріккен басқармалармен, басқа органдармен және мекемелермен хат алмасу қажеттілігін жояды. Осылайша, қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы артады.

«Қарулы Күштері – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі келушілерді жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.




Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тағы бір ауданында ашық әкімдік ашылғанын хабарлаған едік.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Әскер, Атырау облысы,
Жоғары қарай