Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Атырауда қатты желден қандай нысандар бүлінгені анықталды

2020 жылдың 17 мамыр 2020 16:48

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қатты желден қандай нысандардың бүлінгеніанықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше түстен кейін қатты жел

мен жауыннан Құрманғазы ауданындағы бірнеше нысан бүлінген. Соның бірі – аудан

орталығындағы М.Әуезов атындағы орта мектеп. Білім ордасы 1982 жылы бой көтерген.

Оған 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Қатты желден мектептің ( аумағы 448 шаршы метр) шатыры ұшып кеткен.

Сондай-ақ, Сафон ауылында орналасқан Ф.Энгельс атындағы орта мектептің де 150

шаршы метр шатыры бүлінгені анықталған. Бұл мектеп 2011 жылы пайдалануға берілген.

«Ресейдің Астрахан облысымен шекарадағы шекарашылар заставасының жылу беру

ғимараты мен қызметтік нысанының шатыры бүлінді. Қатты желден бүлінген жеке

тұрғын үйлердің есебі шығарылып жатыр», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғары қарай