Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Атырауда​ қазақ батырының рухына тағызым жасалды​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

2019 жылдың 22 қыркүйек 2019 16:27

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Совет одағының батыры Қайырғали Смағұловтың 100 жылдығы аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шара батырдың ескерткішіне гүл қою рəсімінен басталды.

«Сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырлар аз емес, біз олардың ерлігін ұмытпауымыз керек»,- деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Мерейтой аясында батырдың есімімен аталатын мектептегі оның өмірінен сыр шертетін құнды жәдігерлер жинақталған мұражайға экскурсия ұйымдастырылды.








Сонымен қатар, Томарлы ауылында өткен мерекелік кештебатырдың ерлігін есте қалдыру мақсатында естеліктер айтылып көркем өнерпаздар өнерін көрсетті.

Айта кетелік, Қ. Смағұлов 1919 жылы Атырауда дүниеге келген. Соғыстан кейінгі жылдары әр түрлі лауазымды қызмет атқарып, Атырау университетінде қызмет еткен болатын. Батырдың өмірі мен ерлігі Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болған.





Автор Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам,
Жоғары қарай