Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда келер жылы 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылады

2022 жылдың 12 мамыр 2022 22:59

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау тұрғындары шұғыл көмекті 112 бірыңғай диспетчерлік нөмірінен алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Кomek-112» ақпараттық жүйесіне жедел әрекет ететін қызметтер қосылған. Оның ішінде жедел жәрдем стансалары, полиция бөлімшелері мен өзге де қызметтер бар.

Тұрғындардан түскен шақыртуға байланысты жедел қызмет көрсететін экипаждардың көліктеріне GPS жабдықтары орнатылған. Жедел көмекке қатысты барлық ақпарат аталған жүйенің сандық картасы арқылы бақыланады.

«Өңір тұрғындары 2023 жылдан бастап шұғыл медициналық, қауіпсіздік және өзге де көмектерді 112 нөмірі арқылы алуына мүмкіндік туады. Қазір 103 байланыс нөміріне жедел қызметтер бойынша қоңыраулардың 70 пайызы түседі. Мұндағы қызметкерлер жұмыс күндері 800, демалыс күндері 900-950 қоңырау қабылдайды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Соңғы екі жылда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы 66 көлікпен қамтылған. Жедел жәрдем көліктерінің 46-сы 2020 жылы сатып алынған. Ал, былтыр жедел жәрем стансасы «ҚДБ – лизинг» жүйесі арқылы жаңа 20 көлікпен толыққан. Өткен жылы сатып алынған көліктердің 3-еуі аудандарға, осындай 17 көлік Атырау қаласындағы жедел жәрдем стансасына берілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жаңарғанын жазған едік.


Жоғары қарай