Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда кішкене қыз анасының 45 мың теңгесіне тәтті сатып алған

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 22:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Қызылқоға ауданында 7 жасар қыз анасының 45 мың теңгесіне тәтті сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Миялы ауылының тұрғыны аудандық полиция бөліміне 45 мың теңгесі жоғалғаны туралы арыз түсірген.

«Арызданушының шағымына байланысты учаскелік полиция инспекторы Серіжан Қаратаев ақшаның қашан, қалай жоғалғанын анықтауға кірісті. Шағым айтқан аазаматшаның кәмелетке толмаған 7 жасар қызының дүкенге барып, мол тәтті алғанын анықтады. Полиция инспекторы қыздың көрсетуімен азық-түлік дүкеніне барып, сатушыға болған оқиғаны түсіндірген. Дүкеншінің айтуынша, кішкентай қыз бірнеше түрлі тәтті алып, қолындағы 45 мың теңгені беріп кеткен» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жоғалған ақшасы табылған тұрғын учаскелік полиция инспекторына алғыс айтты.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай