Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Атырауда көлік қаққан 40 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты

2019 жылдың 19 қазан 2019 15:52

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жаяу жүргіншілер өтпе жолында 40 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағда» Сәтпаев даңғылында болған. «Тойота» көлігінің жүргізушісі өтпе жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам алған жарақатынан облыстық ауруханада көз жұмды.

«Тойота» көлігінің 23 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Атырауда дәл осындай жол апаты болып, көлік қаққан 17 жасар бозбала көз жұмған еді.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай