Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенді

2020 жылдың 2 шілде 2020 11:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында көлік жөндеу орталығы өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт кеше, 1 шілдеде сағат 21:21-де болған.

«Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне Атырау мөлтекауданында көлік жөндеу орталығының өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Жалын шарпыған аумақтың жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 17 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жергілікті уақытпен сағат 22: 56-да өрт толығымен сөндірілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда шетелдік жүк көлігі өртеніп кеткен еді.



Жоғары қарай