Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Атырауда коронавирус жұқтырғандар арасында 4 бала бар

2020 жылдың 23 мамыр 2020 14:22

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында бір тәулікте 25 адам коронавирус жұқтырды. Олардың арасында 4 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте 25 адамнан қауіпті індеттің белгісі табылған. Науқастардың арасында 4 бала бар.

«Аудандарда 8 науқас тіркелді. Мақат ауданында 11 жастағы ер бала, 4 және 9 жасар қыздардан, 62 және 57 жастағы әйелдерден коронавирус анықталды. Ал, Жылыой ауданында 7 жасар қыз бен 70 жастағы әйелден табылды. Исатай ауданының 62 жастағы тұрғынынан қауіпті індет тіркеліп отыр» -деп хабарлады жедел штаб.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 17 науқас анықталған.


Жоғары қарай