Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Атырауда коронавирус жұқтырғандармен 109 адам байланыста болған

2020 жылдың 29 наурыз 2020 21:52

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 науқаспен 100-ден астам адам байланыста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, індетке шалдыққан 6 науқаспен қарым-қатынас жасаған 109 адам анықталып, олардың барлығы оқшауланған.

«Олардан коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін анализ алынды. Оның қорытындысымен 67 адамда тест теріс нәтиже көрсетті. Ал, қалған 42 адамның тест қорытындысы жуық арада белгілі болады», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, 29 наурыз күні Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы оқиғасы расталды.

Қазақстан бойынша науқастар саны 271-ге жетті.



Жоғары қарай