Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб қайта құрылады

2020 жылдың 5 шілде 2020 00:10

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған.

«Атырау облысының әкімдігіне коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі аймақтық жедел штаб құру тапсырылды. Штаб шектеу шаралары мен талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек. Қажет болған жағдайда қатаң карантин шараларын енгізу туралы ұсыныс білдіре алады» - дейді Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров.

Айта кетейік, Атырау облысында 5 шілдеден бастап 19 шілдеге дейін қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Бұған дейін Жылыой ауданы мен Теңіз кен орнында енгізілген карантин сақталады.


Жоғары қарай