Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Атырауда қызға жұдырық жұмсаған ер адамға қатысты жаңа деректер шықты

2019 жылдың 25 шілде 2019 20:42

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қыздың бетінен жұдырықпен ұрған ер адамға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, Атырауда бақылау камераларынан әлеуметтік желіде жарияланған видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Жазба облыс орталығындағы ең ірі «Дина» базарының көкөніс сататын павильонында түсірілген. Кадрда екі қыздың жанынан өтіп бара жатқан ер адамның олардың бірінің бетінен ұрғандығын анық көрінеді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ол бапта бұзақылық үшін жазаға тарту көзделген. Бірақ сот-медициналық сараптамасынан кейін ол 106, 107 немесе 108 баптармен ауыстырылуы мүмкін. Бұл аталған баптар денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін жаза түрлері белгіленген», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өңір прокуратурасы ұсталған ер адам 1986 жылы туған күдікті екендігін мәлімдеді.

«2010 жылдан бері ол облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Қазіргі кезде «тұлғасының тұрақсыз эмоциялық бұзылуы» диагнозымен облыстық психологиялық денсаулық орталығына орналастырылған. Денсаулыққа келтірілген зиянның деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы белгіленді. Тексеріс прокуратураның қадағалауында», - деді ведомство өкілдері.

Автор: А. Соколов

Жоғары қарай