Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда медициналық маска  15 теңгеден сатылады

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 02:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында медициналық маска 15 теңгеден сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Диас Жәнібековтің мәліметінше, монополияға қарсы комплаенс жасалған.

«Монополияға қарсы комплаенс ашық сауда өткізу саясатын көздейді. Бұл – монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, болдырмау жөніндегі тиімді құрал. Сондай-ақ, Атырауда медициналық маска шығаратын өндірістің ашылуы бағаны төмендетуге ықпал етті», - дейді Диас Жәнібек.





Осыған байланысты аталған департамент пен «Семейное здоровье» дәріханалар желісінің басшылары ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін ресми келісімшартқа қол қойды.

«Енді медициналық масканы Атырау қаласындағы Нұрсая, Авангард, Алмагүл шағынаудандарында орналасқан «Семейное здоровье» дәріханасынан 15 теңгеге сатып алуға болады. Масканың мұндай төмен бағасы карантиндік шектеу шаралары алынғанға дейін сақталады», - дейді дәріханалар желісінің басшысы Сұңқар Мәлікұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығаратын өндіріс іске қосылған болатын.


Жоғары қарай