Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратындағы өрт сөндірілді

2021 жылдың 28 мамыр 2021 20:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өрт бүгін түсқайта тұтанған.

Көпқабатты ғимаратқа жапсарлас салынған нысанның шатыры жанған.

«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, негізгі ғимаратты шарпуына жол берген жоқ. Жалынды сөндіруге департаменттің жеке құрамынан 37 қызметкер, 6 арнайы техника мен 1 автосаты жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай