Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда мейрамханада жасалған тойға 50 адам жиналған

2021 жылдың 18 шілде 2021 21:42

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күнде 9 кәсіпкерлік нысаны күшейтілген карантин шектеуін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда облысында Ashyq жобасына қатысатынына қарамастан бірнеше нысанның жұмысы тоқтатылатыны хабарланған еді.

«Мониторинг топтардың жұмысы күшейтілді. Соған қарамастан Атырау қаласында бір күнде карантин талаптарын бұзған 9 кәсіпкерлік нысан анықталды», - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, 17 шілдеде сағат 13:36 шамасында мониторинг тобы Бейбарыс көшесінде орналасқан «Continental Gold» мейрамханасында той өтіп жатқанын анықтаған. Бұл мейрамханадағы тойға 50-ден астам адам қатысқан.

Сондай-ақ, сол күні сағат 15:55 шамасында Атырау мөлтек ауданындағы «Акварай» аквапаркі карантин талаптарын бұзып, жұмыс істеген. «Zheka’s doner house» кафесі сағат 22:15 шамасында келушілерді қабылдаған. Алайда, бұл нысанның иесі түсінік беруден бас тартқан.


Жоғары қарай