Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Атырауда мүмкіндігі шектеулі азамат жүргізуші куәлігін алды

2020 жылдың 22 ақпан 2020 11:37

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырауда мүмкіндігі шектеулі адам жүргізуші куәлігін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ атыраулық бөлімнің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлының айтуынша, бірінші топтағы мүгедек Кеңес Қониев қолмен басқарылатын автокөлікпен көлік жүргізу емтиханын сәтті тапсырды. Бұған дейін ол теориялық емтихан тапсырған.

«Кеңес өте белсенді адам. Ол 2006 жылы жарақат алды, бірақ спортпен тұрақты түрде айналысады. Ол паралимпиадашылар арасында үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан чемпионы», - деп атап өтті Нұрлыбек Бақтығалиұлы.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихан тапсыруға қажетті құрылғылар әзірге республиканың екі қаласында орнатылды, Атырау мен Қарағандыда.





А.Соколов

Жоғары қарай