Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда мұнай өңдеушілердің 91 пайызы вакцина салдырды

2022 жылдың 22 қаңтар 2022 01:07

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 91 пайызы вакцинаның екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АМӨЗ» ЖШС медицина орталығының меңгерушісі Галина Әубекерованың айтуынша, зауыт қызметкерлерінің 59%-ы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен.

«Мұнай өңдеу зауытының аумағында COVID-19 инфекциясына қарсы шаралардың толық кешені іске асырылып жатыр. Жұмыс уақытында қызметкерлер маска режимін сақтайды. Өткізу пункттері дене температурасын бақылау жүйесімен жабдықталды. Барлық кеңседе дезинфекция жүргізу қолға алынды. Ұжымдық иммунитетті нығайту үшін COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны ерікті түрде алу зауыт аумағында орналасқан медициналық орталықта жүргізіледі. Қазір зауыт қызметкерлерінің 91 пайызы вакцинаның екі компонентін салдырды. Ал, ревакцинациядан өту үшін QazVac, Vero Cell вакциналары жеткізілді. Зауытта жұмыс істейтін 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен бала емізіп отырған аналар ерікті түрде Pfizer вакцинасын алады», -дейді Галина Әубекерова.




Зауыттағы мұнай және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру өндірісінің бастығы Асқар Ермышев алғашқылардың бірі болып қайта вакцианалаудан өткен.




«Қазір әлем елдерінде коронавирустың «Омикрон» штамы тарап жатыр. Сондықтан, өзімді, әріптестерімді және жақындарымды қорғау үшін қайтадан екпе алдым. Қауіпті індеттің таралуын тежеу үшін вакцина салдырған жөн», -дейді Асқар Ермышев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 20 қарашадан бері Pfizer вакцинасын 3 887 адам салдырғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай