Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда нан бағасы арзандады

2021 жылдың 11 қараша 2021 06:22

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында нан бағасы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда нан қымбаттағанын жазған болатынбыз.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қарашада әлеуметтік маңызы бар нанның бағасы «Даулет нан» сауда нүктелерінде 95 теңгеге дейін өскен. Басқарма басшысы Амангелді Саламат мұны электр энергиясының, жанар-жағар май бағасының қымбаттауымен байланыстырған еді. Сол себептен, наубайханалар нан бағасын бірте-бірте өсіруге мәжбүр болған.

«Атырау қаласында 10 қарашадан бастап «Дәулет нан» сауда желісінің нүктелерінде бірінші сұрыпты нанның құны бұрынғы бағаға дейін төмендетіліп, 90 теңгеден сатылуда. Бұған облыс әкімдігі «Даулет нан» сауда желісіне тиесілі «Карат» ЖШС басшылығымен келіссөздер жүргізу арқылы қол жеткізді. Сондай-ақ, Атырау қаласының аумағында орналасқан супермакеттерде аталған нанның бағасы көтерілмеді. Атап айтқанда, «Лидер» және «Идеал» супермаркеттерінде бірінші сұрыпты нан 82 теңге, «Ярмарка» мен «Семья» супермаркеттерінде 90 теңге, «Марко» супермаркетінде 85 теңге, «Анвар» супермаркетінде 95 теңгеден сатылуда. «Атырау» ӘКК» АҚ арқылы бағаны тұрақтандыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі», - дейді Амангелді Саламат.

Оның айтуынша, өңірге келер жылға қажетті 25 000 тонна бидай алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берілген.


Жоғары қарай