Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Атырауда өртенген театрды демеушілер қалпына келтіретін болды

2019 жылдың 23 тамыз 2019 18:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Өрт шыққан Атыраудағы М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театры жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіріледі. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала мәлімет бойынша, сахнаны, зал мен театрдың жабдығын от шалмаған, өрттен ғимараттың шатыры мен трансформаторға зиян келген. Қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатқан комиссия өрттен болған залалдың нақты көлемін анықтайды. Театралдық маусымда облыстың тұрғындары театрға келуге мүмкіндік алуы үшін мұны неғұрлым тез істеуге тырысамыз. Бұл қала тұрғындары үшін ауыр соққы болды. Сонымен қатар, адамдар бейжай қалмай, қолдан келер көмектерін көрсетуге тілек білдіргені қуантады. Көптеген бизнесмендер осы проблемадан тыс қалмай, театрды қалпына келтіруге көмектесуге ынталы екендерін білдірді », - Серік Шапкенов .

С.Шапкеновтің айтуынша, өрт болған сәттен бастап, көптеген бизнес өкілдері өрттен зардап шеккен театр ды қалпына келтіру ге көмектесу жөнінде бастама көтерді. Бұл аталмыш нысанды толықтай жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіруге мүмкіндік береді«, - деді ол .

Еске салсақ, кеше М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрынан өрт шықты.

Сағат 14.30-да тұтанған от 18.20-да толығымен ауыздықталды.

«22 тамызда сағат 14.30 кезінде Атырау қаласында «101» пультіне Махамбет Өтемісов атындағы Қазақ драма театрынан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Нақтырақ айтқанда, екінші қабаттағы электроқалқан өртеніп, тілсіз жау ғимараттың шатырына тараған. Шамамен өрттің шарпу аумағы 1500 шаршы метрді құрады», - деген болатын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.

Жоғары қарай