Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Атырауда өткен аламан айтыста оралдық ақын бас жүлдені жеңіп алды

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 21:53

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Атырауда ақын, Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың «Жыр жұлдызы – Фариза» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жыр додасына ел өңірлерінен барлығы 22 ақын қатысып, бақ сынады.

Солардың арасынан батысқазақстандық Талғат Мықи суырылып шығып, бас жүлдені (2 млн теңге) жеңіп алды.




Белгілі жазушы, баспагер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов бастаған қазылар алқасының шешімімен атыраулық Шалқарбай Ізбасаров бірінші (1,5 млн теңге), астаналық Еркебұлан Қайназаров пен тараздық Аруна Керімбек екінші (1 млн теңгеден), алматылық Рүстем Қайыртай, Хазірет Бердіхан және астаналық Бекзат Асқаров үшінші (500 мың теңгеден) орынға ие болды.

Сондай-ақ батысқазақстандықтар Орынбек Меңдіқұлов пен Мұрадым Мирланов ынталандыру сыйлығына ілікті.

«Жалпы, айтыс жоғары деңгейде өтті. Шараға Астанадан «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов арнайы келіп, бастан-аяқ қатысты. Алдағы додалар да партияның қолдауымен өтетін болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Талғат Мықи.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Атырауда аламан айтыс өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.





Жоғары қарай