Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда Паралимпиада жүлдегерлеріне көлік пен пәтер кілті тапсырылды

2021 жылдың 8 қыркүйек 2021 22:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Токиода өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегерлеріне көлік пен пәтер кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауға Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанған парадзюдошылар оралғанын хабарлаған едік.

Сол кезде параспортшыларға 1 млн теңгенің сертификаты берілген болатын.

Бүгін оларға тағы да 1 млн теңгенің сертификат тапсырылды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Паралимпиаданың күміс жүлдегерлері Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатинаға көлік пен 2 бөлмелі пәтер кілтін тапсырды.

Паралимпиада жүлдегерлерінің бапкері Жандос Қияновқа 4 млн теңге берілді.

«Бұл – ел спорты үшін тарихи жетістік, қажырлы еңбек пен намыстың, өршіл рухтың жемісі. Ең бастысы, Атырау спортшыларының ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына айрықша тартуы. Сіздер мыңдаған жастарға рух сыйлап, қайсарлықтың мәнін ұғындырдыңыздар» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, Паралимпиада қатысушылары Аманжол Жанбота, Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Өтепов, Нұрлан Домбаев, Ержан Сәлімгереев пен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.











Жоғары қарай