Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда полицейлер құжатсыз жанармай тасымалдағандарды ұстады

2020 жылдың 23 шілде 2020 04:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында полиция қызметкерлері екі көлікпен құжатсыз жанармай тасымалдағандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақат ауданында полицейлер 2 «Газель» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеріс кезінде көліктерге жанар-жағармай тиелгені анықталған. Жанармайды соруға және айдауға арналған құрылғылар болған.

«Полиция қызметкерлері 2 көліктің жүргізушісінде (1984 және 1992 жылы туған азаматтар) жалпы салмағы 6,6 тонна болатын сұйықтыққа қатысты ешқандай құжат жоғын анықтады. Тәркіленген жанар-жағармайға сараптама тағайындалды» дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 197-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қару тасымалдаған жүргізуші ұсталған болатын.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Мұнай, Атырау облысы, Оқиға, Заң,
Жоғары қарай