Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда прокурорлар нәресте өліміне қатысты істі тексеріп жатыр

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 17:13

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының прокуратурасы нәрестелердің шетінеу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызметтік тексеріс барысында және тиісті сарапшылардың қорытындысы негізінде дәрігерлер жаңа туған нәрестелердің жанын сақтап қалуға мүмкіндігі болған жағдайлар анықталды. Атап айтқанда, №3 қалалық емханасының қызметкерлері келіншек босанарда кәсіби міндеттерін жөнді атқармаған. Соның салдарынан биыл 13 ақпан күні жаңа туған нәресте шетінеген. ҚР Қылмыстық кодексі 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде», - деп мәлімдеді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Оның айтуынша, осы қылмыстық істі тексеру облыс прокурорының қатаң қадағалауында.

«№4 және №5 қалалық емханаларында да 5 келіншек босанар кезде осындай жағдайлар болды. Осы деректер қала прокуратурасының тіркеуіне енгізілді әрі процессуалдық шешімдерді қабылдау үшін қалалық полиция басқармасына жіберілді», - деді Қанат Қабдолов.
Айта кетейік, Атырау облыстық перинаталдық орталығында биыл 5 046 сәби дүниеге келген. 56 бала туа салып шетінесе, 77 бала анасының жатырында мерт болған.

Жоғары қарай