Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда тағы да екі күн ыстық су берілмейді

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 00:42

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында тағы да екі күн ыстық су берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда ыстық су беру бір аптаға тоқтатылған болатын.

Енді «Атырау жылу желілері» АҚ тағы да екі күн бойы ыстық беруді тоқтатуға шешім қабылдады.

«Күрделі жөндеу жүргізудің жоспар-кестесіне сәйкес жоғары қысымды құбырлардың гидравлика тығыздығына сынақтар жүргізілетін болады. Осыған байланысты, екі күнге – 22 және 23 қыркүйекте қаланың барлық жылу пунктінен ыстық су беру уақытша тоқтатылады» -деп ақпарат таратты аталған кәсіпорыннан.

Кәсіпорын сынақ жүргізу кезінде құбырларға қауіпсіздік үшін жақындамай, 5-10 метрден айналып өтуге кеңес беріп отыр.

Жоғары қарай