Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда төтенше жағдай талаптарын елемеген дәмханалар анықталды

2020 жылдың 19 наурыз 2020 21:43

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төтенше жағдайға байланысты енгізілген арнайы шектеулерге қарамастан, жекелеген дәмханалар жұмыс режимін бұзып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірқатар шектеу қойылды. Соның ішінде мейрамханалар мен кафелер түнгі сағат 22.00-ден кейін жұмысын тоқтатуы тиіс. Алайда, арнайы шектеуді елемей, жұмысын жалғастырған кафелер бар. Біздің қызметкерлер әкімшілік құқық бұзушылыққа жататын осындай 2 фактіні анықтады. Материалдар әкімшілік сотта қаралып, мекеме иелері жауапкершілікке тартылады», - деді бүгін Атырау облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қайыров.

Оның айтуынша, төтенше жағдай енгізілгелі атыраулық тәртіп сақшылары қызмет бабында медициналық маскамен қамтылған.


Жоғары қарай