Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда түн ортасында балконда тұрған 4 жасар бала құтқарылды

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 17:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түн ортасында балконда тұрған 4 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкері, полиция аға лейтенанты Тимур Балмағанбетов 24 қаңтарда түнгі сағат 1:00 шамасында балконнан секіргелі тұрған бала туралы хабар алған.

«Бұл хабарды әріптестерім, полиия капитаны Ғизатолла Рахметов пен полиция аға сержанты Файзолла Мәдиевке жеткіздім. Олар шаһардың «Вокзал маңы» шағынауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйге жедел жетті. Сол кезде 3-қабаттағы балконда кішкентай баланың тұрғаны анықталды. Бірақ, пәтердің есігі кілттеулі тұрған. Менің әріптестерім 3-қабаттағы балконға өрмелеп шығып, 4 жасар баланы қауіптен құтқарды», -дейді Тимур Балмағанбетов.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Пәтерде балақайдан басқа адам болмағаны анықталды. Ата-анасы түнгі мезгілде 4 жасар баланы құрбысына уақытша қарай тұруға тастап кеткен. Ал, сенім білдірген құрбысы баланы пәтерге құлыптап, кілтті кіреберіске жасырып кеткен. Такси қызметін ұзақ күткен ата-ананың кешіккені анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын былтыр Атырау облысында 50-ге жуық жасөспірім жоғалып кеткенін жазған едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Аймақ, Оқиға,
Жоғары қарай