Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамауға алынды

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 08:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түрмеге телефон лақтырғандар қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған екі ер адам ұсталған.

«Олар Атырауға Маңғыстау облысынан арнайы келген. Тексеру кезінде олардан ұялы телефондар, интернет модем, құлаққаптар мен қуаттандырғыш табылды. 25 жастағы екі азаматтың бұрын сотталғаны белгілі болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ұсталған азаматтар бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған. Сол кезде сот оларға ескерту берген. Ал, бұл жолы сот шешімімен екеуі де 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«УГ-157/9 мекемесінің аумағында «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылды. Түрменің маңына полиция қызметкерлері үнемі бақылау жүргізеді. Ал, тыйым салынған заттарды өткізуге ұмтылу секілді құқық бұзушылар қатаң жазаланатын болады», - дейді департамент бастығы Манарбек Ғабдуллин.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың тұрғыны түрмеге 4 телефон өткізбек болған еді.



Жоғары қарай