Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда заңсыз балық аулаған браконьерлер 5,4 млн теңге айыппұл төлейді

2021 жылдың 15 қазан 2021 01:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда браконьерлерден алынған 2 мыңнан астам торлы аудың көзі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, браконьерлік торлы ауды Дамбы балық аулау бөлімінің қызметкерлері тәркілеген.

«Бұл бөлім биылғы 9 айда балық қорғау заңнамасын бұзудың 665 дерегін анықтады. Құқық бұзушыларға 5,4 млн теңге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 65 тоннадан астам балық, тор, ілмек түріндегі 2 604 аулау құралы тәркіленді. Браконьерлерден 118 жүзу құралы мен мотоцикл алынды», -дейді Олег Тушканов.

Инспекция қызметкерлері браконьерлерден тәркіленген торлы ауларды «Арнайыавтобаза» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жеткізіп, өрте ді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда су айдындарынан 5 мың торлы ау шығарылғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай