Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда Жайық өзеніне 2,8 млн бекіре шабағы жіберілді

2020 жылдың 10 шілде 2020 21:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Атырауда Жайық өзеніне 2,8 млн бекіре шабағы жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытының директры Ғилман Сәрсемәлиевтің мәлім етуінше, 12 тоғанда өсірілген бекіре тұқымдас балықтардың шабағын су айдынына жіберу бір ай бұрын басталған.

«Сол кезде бекіре, қортпа, сүйріктің 1 млн 240 мыңнан астам шабағы жіберген едік. Бұл жұмыс 8,9 және 10 шілде де жалғасып, Жайық өзеніне шоқырдың 2,8 млн шабағы жіберілді. Шабақтардың салмағы 1,5 грамнан 3-3,5 грамды құрады» -деді Ғилман Сәрсемәлиев.




Оның айтуынша, биыл аталған зауыт пен «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшылары бекіре тұқымдас балықтың 157 данасы ауланған. Зауыт мамандары балықтардан қара уылдырықты жасанды жолмен алған. Содан кейін бекіре тұқымдас балықтар Каспий теңізіне қайта жіберілген.





Жоғары қарай