Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда Жайық өзеніне құлап кеткен баланы әкесі құтқарды

2021 жылдың 30 мамыр 2021 18:52

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзеніне құлаған баланы әкесі құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда жазғы шомылу маусымы басталған жоқ. Соған қарамастан, өзен-көлдерге шомылу дерегі азаяр емес.

«Сақтық шараларына салғырт қараған атыраулық тұрғын 28 мамырда кешкі сағат 20:03 шамасында балаларымен Жайық өзенінің жағасына демалуға барған. Кенет 6-7 жастағы екі баланың бірі абайсызда өзенге құлап кеткен. Оны көрген әкесі өзенге секіріп, баласын алып шыққан. Мұны бейнебақылау камерасынан байқаған қызметкерлер жақын маңдағы полицейлерге бағыттама берген», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жағалауға жеткен полиция қызметкерлері тексеру кезінде кәмелет жасқа толмаған екі баланың ата-анасымен рұқсат етілмеген жерде шомылғаны үшін профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізіп, ескерту жасаған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа құлаған 8 жасар бала құтқарылған болатын.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай