Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Атырауда Жайық өзенінің жағасынан 28 тонна қоқыс жиналды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 19:03

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда облыстық және қалалық әкімдіктердің, сондай-ақ, квазисектордың қызметкерлері қатысқан сенбілікте Жайық өзенінің оң жағалауынан 28 тонна қоқыс жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігінің хабарлауынша, бұған дейінгі бір аптаның ішінде шаһар аумағынан 500 тоннадан астам құрылыс қалдығы шығарылды. Ал, бір күннің ішінде Жайық өзенінің оң жағалауындағы Аманшин, Ысмағұлов көшелері мен Ақсай елді мекені 45 тонна қоқыстан тазартылды.








«Қазіргі уақытта қала аумағын құрылыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Біз тұрғындардан құрылыс қалдықтарын полигонға ақысыз алуға шешім қабылдадық. Себебі, далаға қоқыс шығарудың салдарынан стихиялық полигондар пайда болады. Облыстық полиция департаментімен бірлескен арнайы рейдтер барысында санитарлық және экологиялық нормалардың бұзылуын анықтап, тұрғындарға ескерту берілді. Алдын ала ескертуден кейін оннан астам тұрғын мен коммерциялық нысан иелері ескертулерді өз бетінше жойды. Ал, 16 материал полицияға тиісті шара қолдану үшін жіберілді» - деді «Спецавтобаза» ЖШС-нің директоры Алмас Ізтілеуов.




Жоғары қарай