Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда Жайыққа батып бара жатқан ер адам құтқарылды

2020 жылдың 28 шілде 2020 03:28

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында Жайық өзеніне батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, оқыс оқиға 27 шілдеде сағат 17:00-де Жайық өзенінің жағалауында болған.

«Жедел жасақтың құтқарушылары Жайық өзенінің жағасында күнделікті щолу кезінде ер адамның суға батып бара жатқанын байқап қалған. Жасақтың бас құтқарушысы Ринат Айбеков пен құтқарушы Асқар Хамит қайыққа отырып, дереу көмекке ұмтылады. Олар суға батқан адамды құтқарып, жағаға алып шықты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Суға батқан 42 жастағы ер адам мас күйінде шомылмақ болған.

Еске сала кетелік, Атырауда суға кеткен 41 жастағы ер адамның денесі табылған еді.


Жоғары қарай