Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда Жайыққа батып кеткен жігітті таба алмай жатыр

2020 жылдың 4 шілде 2020 16:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігітті іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше, 3 шілдеде болған.

«Кеше кештен бері құтқарушылар Жайық өзенінің Ақсай кенті тұсында іздестіруді бастады. Аталған елді мекеннің маңында 44 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кеткен. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол өзеннің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылған» -деп хабарлады ТД баспасөз қызметі.

Өкінішке қарай, іздестіру жұмысы әзірге нәтиже берген жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенгенін жазған едік.


Жоғары қарай