Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда жоғалған 8 жасар қыз мектепте оқымаған

2021 жылдың 20 сәуір 2021 16:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 6 күнде 4 жасөспірім жоғалған. Оның ішінде осы кезге дейін мектепте оқымаған 8 жасар қыз бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 12-18 сәуір аралығында полицияда жасөспірімдердің үйінен шығып, хабар-ошарсыз кетуіне байланысты 4 дерек тіркелген.

«Мәселен, 18 сәуірде Атырау қалалық полиция басқармасының «102» операторына 36 жастағы азаматша Ашхабад көшесінде орналасқан тұрғылықты мекенжайынан 8 жасар қызының күндізгі сағат 13:30 шамасында шығып кетіп, үйіне оралмағаны жөнінде хабар берген. Осыған байланысты полиция қызметкерлері іздестіру жұмысын жүргізіп, жоғалған қызды түнгі сағат 01:00 шамасында қаладағы көшелердің бірінен тапты. Анасына айтпай, көшеге шығып кеткен жасөспірімнің мектепте білім алмайтыны белгілі болды. Сол себептен, 8 жастағы жасөспірім Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Осы кезге дейін білім алмаған жасөспірімнің ата-анасына қатысты іс-құжаттарды Атырау қалалық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау көзделіп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 1500 ата-ана түнгі уақытта балалары қараусыз жүргені үшін жазаланған болатын.


Жоғары қарай