Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда жоғалған баланы іздеуге құтқарушылар мен еріктілер қосылды

2022 жылдың 23 қаңтар 2022 13:05

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғалған 9 жасар баланы іздеуге төтеншеліктер мен еріктілер қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылмай жатқанын жазған болатынбыз.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кәмелетке толмаған жасөспірім кеше, 22 қаңтарда түсқайта үйінен інісімен бірге ойнауға шыққан.

Бірақ, інісі үйіне оралып, 9 жасар бала жоғалып кеткен.

Қазір жоғалған баланы 100-ден астам адам іздеп жатыр.




Оның ішінде 100 полицей мен төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері, еріктілер мен мектеп мұғалімдері, өзге де тұрғындар бар.

«Жоғалған баланы іздестіруге сүңгуірлер де тартылды. Сүңгуірлер жоғалып кеткен жасөспірім тұратын үй маңындағы Перетаска каналына тексеру жүргізіп жатыр. Оған департаменттен 17 қызметкер мен 3 техника тартылды», -деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.











Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай