Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Атыраудағы Қазақ драма театрынан шыққан өрт толық сөндірілді

2019 жылдың 22 тамыз 2019 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атыраудағы Қазақ драма театрынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, театр ғимаратынан шыққан өрт сағат 17.20-де ауыздықталып, сағат 18.20-да толық сөндірілді.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда театр өртеніп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз .

«22 тамызда сағат 14.30 кезінде Атырау қаласында «101» пультіне Махамбет Өтемісов атындағы Қазақ драма театрынан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Нақтырақ айтқанда, екінші қабаттағы электроқалқан өртеніп, тілсіз жау ғимараттың шатырына тараған. Шамамен өрттің шарпу аумағы 1500 шаршы метрді құрады», - деді комитеттен.

Жоғары қарай