Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Атыраудағы жәрмеңкеде қарбыз 25 теңгеден сатылып жатыр

2019 жылдың 25 тамыз 2019 02:20

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тұрғындарға қолайлы болуы үшін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі қаланың екі жерінде ұйымдастырылуда деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Апта сайын ұйымдастырылып жатқан ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін осы уақытқа дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында ұйымдастырып келген едік. Міне, екінші апта болды оны «Мұнайшы» спорт кешенінің маңына көшірдік. Қала тұрғындары дән риза», - деп атап өтті қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р. Давлетов.

«Ауылшаруашылық өнімдерінің піскен шағында біз тек орталық базарға келіп көтерме бағамен сатып кететінбіз. Қазір өзіміз келіп сауда-саттық жасап жатырмыз. Бұл біз үшін өте қолайлы», - деп атап өтті жеке кәсіпкерлер.

Естеріңізге сала кетелік, аптаның сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылып жүрген жәрмеңке нүктелері «Сарайшық» коммуналдық базарында және «Мұнайшы» спорт кешеніндегі екі жерде орналасқан.

Жоғары қарай