Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраудың екі тұрғыны 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған

2021 жылдың 24 ақпан 2021 21:52

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында екі жігіт 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны «Нұрсая» шағын ауданындағы үйлердің біріне ұры түскені туралы хабар берген.

«Полиция қызметкерлері тұрғын үйдің есігін бұзып кірген ұрылар 14 дана жылыту батареясын, 1 дана перфораторы мен 250 метрлік кабельді қол еткенін анықтады. Тәртіп сақшылары аталған ұрлыққа қатысы бар екі күдіктіні видеокамераның көмегімен бір күнде ұстады. Күдіктілер – Атырау қаласының 32 және 31 жастағы тұрғындары. Ұрылар жәбірленуші азаматқа 477 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған ұрлық дерегімен ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 9 ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай