Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауға қатынайтын жолаушы пойыздары уақытша тоқтатылды

2020 жылдың 7 шілде 2020 17:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырауға қатынайтын кейбір жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» компаниясына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде 2020 жылдың 8 шілдесінен бастап күші жойылғанға дейін Атырау стансасы бойынша жолаушылар пойыздары мен тікелей қатынайтын вагондардың келуі мен жөнелтілуі уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

- № 41/42 «Атырау-Алматы-1» Атыраудан жөнелтілетін 09/07-20, Алматыдан-1 келетін/жөнелтілетін 11/07-20, Атырауға келетін 13/07-20;

- № 313/314 «Атырау-Маңғыстау» Атыраудан жөнелтілетін 08/07-20, Маңғыстаудан келетін/жөнелтілетін 09/07-20, Атырау қаласынан жөнелтілетін 10/07-20;

- № 692/691 «Ақтөбе-Атырау» пойызы Ақтөбе қаласынан жөнелтілетін 07/07-20, Атыраудан келетін/жөнелтілетін 08/07-20, Ақтөбеге келетін 09/07-20;

- 05/07-20 бастап Алматыдан жөнелтілетін, 08/07-20 бастап Құлсарыға келетін/жөнелтілетін, 11/07-20 бастап Алматыға келетін №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» және №313/314 «Атырау-Маңғыстау» жолаушылар пойыздарының құрамында тікелей қатынайтын «Алматы-2 - Құлсары» вагондары тоқтатылады.

«Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражат толық көлемде қайтарылады. Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады», делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирустық пандемияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.


Жоғары қарай