Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атыраулық 3 каратэші әлем чемпионы атанды

2021 жылдың 11 қараша 2021 01:43

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық үш спортшы каратэ-до шотоканнан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-7 қарашада Түркияның Ыстанбұл қаласында каратэ-до шотоканнан 11-ші әлем чемпионаты өткен.





«Әлем чемпионатына 30-ға жуық елдің 2 мыңнан астам спортшысы қатысты. Бұл додада Ерікқали Қойшекенов бастап барған Атырау облысының спортшылары алғаш рет бақ сынады. Тартысты өткен сайыста мұнайлы өңірдің каратэшілері 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Оның ішінде 16-17 жас аралығында Бекзат Саинов (61 келі), ересектер тобында Манас Темірханов (67 келі), ал әйелдер арасында Венера Тұрғанова әлем чемпионы атанды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, әйелдер арасында ката бағдарламасымен сынға түскен Венера Тұрғанова, Гүлназ Өсербай (14-15 жас) күміс жүлдеге, Алина Өсербай (12-13 жас) мен Зарина Асқарқызы (14-15) қола жүлдеге ие болған.

Еске салайық, бұған дейін Атыраудың таэквондошы қыздары халықаралық турнирден 6 алтын медаль алған еді.












Жоғары қарай