Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Атыраулық оқушы whatsapp мессенджерінің баламасын жасап шығарды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 07:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраулық 11-сынып оқушысы Эльдар Құрмашев KazMessage мобильді қосымшасын іске қосты. WhatsApp мессенджерінің баламасы саналатын бұл бағдарлама смартфондарға арналған Android операциялық жүйесінде қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Атырау қаласындағы Ә.Жангелдин орта мектебінің 11 сыныбында оқиды. Өзі ойлап тапқан KazMessage қосымшасын жақында Playmarket-ке орналастырған. Оны он күннің ішінде 120 адам ұялы телефонына жүктеп алған.

«KazMessage 55 тілде қолдануға болады. Түнгі режимі де бар. Басқа бағдарламалардан бір ерекшелігі - телефонды жоғалтып алсаңыз, арнайы белгіленген 30 сан арқылы қосымшаны басқа құрылғыға жүктеп, контактілердің смс-хаттары мен сурет, видеоларын жүктеп алуға болады. Әр адаммен байланысуға бөлек әуен қою мүмкіндігі бар. Бір топқа 250 адамды тіркей аласыз. Алдағы уақытта аталған қосымшаны барлық қазақстандық пайдаланса деймін. Сондай-ақ, білікті ІТ мамандарының көм егі болса, қосымшаны одан әрі дамытып, басқа да қолданыс аясын кеңейтер едім. Қазіргі уақытта бұл жұмысымды информатика пәнінен ғылыми жобада тереңірек зерттеуді жоспарладым», - дейді Елдар Құрмашев.

Сонымен бірге, ол жаңа қосымшаны App Store, Windows бағдарламаларына қолдану нұсқасын іздестіруде. Бірақ, осы жоба арқылы пайда табуды көздемеген.

«Менің мақсатым – қазақстандық бренд қалыптастыру. Қазақ жастарының осындай жаңашыл бағдарламаларды ойлап таба алатынын дәлелдегім келеді. Болашақта қосымшаның арнайы сайтын ашқым келеді. Осыған орай жаңа қосымшаның авторлық құқығын алуды ойластырып жүрмін» дейді ол.

Оның айтуынша, бесінші сыныптан бері ІТ саласына қызығады. Бастапқыда бұзылған компьютер құрылғыларын жөндеген. Кейін интернет-дүкендер ашқан.








Жоғары қарай