Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулық парадзюдошы Гран При турнирінің қола жүлдесін иеленді

2021 жылдың 26 мамыр 2021 22:08

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық парадзюдошы Әнуар Сариев Гран При турнирінің қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 25 мамырда Әзербайжан Республикасының астанасы – Баку қаласында парадзюдодан Гран При турнирі басталды.

Оған 38 елден 187 спортшы Паралимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салып жатыр.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, атыраулық прадзюдошы Әнуар Сариев қола жүлдені иеленген.

«Әнуар Сариев 60 келі салмақта іріктеу кезеңінде Әзербайжан мен Моңғолия балуандарынан басым түсті. Ал, жартылай финалда өзбек балуанынан ұтылып қалды. Қола жүлде үшін таласта Алжир спортшысын қапы қалдырды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық палуан әлем кубогінің иегері атанған еді.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Спорт,
Жоғары қарай