Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулық жігіт 60 доза есірткіні қаланың үш бөлігіне жасырып қойған

2021 жылдың 4 наурыз 2021 07:26

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 27 жастағы жігіт өзі жасырған есірткіні тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру кезінде Атырау қаласының әр бөлігіне есірткі жасырды деген күдікпен 27 жастағы жас жігітті ұстаған.

«Атырау қаласы тұрғынының уақытша мекенжайын тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын өлшейтін түрлі құралдар табылып, тәркіленді. Тергеуден соң күдікті қала аумағының 3 нүктесінде өзі жасырған 60 дозаны құрайтын есірткіні көрсетті. Сараптама қорытындысымен есірткі-пировалерон екені анықталды» -дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау тұрғынынан 5 келіден астам есірткі тәркіленген болатын.

Жоғары қарай