Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атыраулық жүргізуші 116 рет жылдамдықты арттырып, 1 млн теңге айыппұл алған

2020 жылдың 20 мамыр 2020 04:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда наурыздан бері 1 117886 теңге айыппұлды төлемеген «Opel Astra» көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері Атырау қаласында «Intercoptor» автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен аса ірі мөлшерде айыппұл төлемеген екі автокөліктің жүргізушісін ұстады. Бір көлік – Арменияда, екіншісі Ресей Федерациясында есепке қойылғандықтан, Атыраудағы иелері деректер базасына тіркелмеген.

«Полицейлер «Кордон» фоторадар кешенінің көмегімен 18 мамырда бұл көліктерді қала көшелерінде тоқтатты. Оның бірі – «Opel Astra» көлігінің жүргізушісіне айыппұл жылдамдықты 116 рет арттырғаны үшін 1 117 886 теңге , екіншісіне «Daewoo Nexia» көлігімен қозғалыс ережесін 20 рет бұзғаны үшін 173 625 теңге айыппұл салынған. Айыппұлдар толық төленгенше, көліктер айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырауда 18 мамыр күні жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл тұрағына қазақстандық, шетелдік есепке алынған 15 автокөлік қойылған.

Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Қоғам, Атырау облысы, Көлік,
Жоғары қарай