Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраулықтар көшеде орналасқан жылжымалы пунктен вакцина алып жатыр

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 06:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғындарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны көшедегі алаңнан алу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласында ашылған алаң аз емес. Соның бірі – мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашев атындағы алаң. Бұл алаң «Вокзал маңы» шағын ауданында орналасқан.

«Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың, адам денсаулығын сақтаудың, қалыпты өмір тіршілігіне оралудың жалғыз жолы – вакцина салдыру. Сондықтан, баршаңызды 27 қыркүйектен бастап «Вокзал маңы» шағын ауданындағы Саламат Мұқашев атындағы алаңда ашылған жылжымалы екпе алу пунктіне шақырамыз. Аталған алаңдағы екпе алу пунктіне дейін қала тұрғындарын көлікпен тасымалдау ұйымдастырылатын болады. Екпе алу арқылы өзіңізді, туған-туыстарыңызды, достарыңыз бен әріптестеріңізді қауіпті індеттен қорғау қажеттігін ескеріңіз» -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында екі күнде 1 264 адам екпе салдырды.


Жоғары қарай