Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Алдағы үш тәулікте күн суытып, кей өңірлерде боран соғады

2021 жылдың 20 қазан 2021 11:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 21-23 қазанына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Ресейдің Мурманск қаласы жағынан келген жаңбыр мен қар аралас циклон салдарынан 22 қазанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады, көктайғақ болып, желдің күшейеді, солтүстікте, орталықта және шығыста боран соғуы ықтимал. Оған қоса, ауа температурасы түнде -3, +2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-10 градус аралығында болады», делінген хабарламада.

22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күндіз ауа температурасының 15-22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай