Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Қазгидромет 7 облыста ескерту жариялады

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстанның 7 облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

15 қаңтарда Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында 15 қаңтарда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

15 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

15 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Орал қаласында 15 қаңтартұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

15-17 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ күтіледі . 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 15, тәулік бойы 16 қаңтарда екпіні 23-28 м/с болады.

Тараз қаласында 15-17 қаңтардакей уақытта тұман, 16-17 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

15-16 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

15 қаңтарда Атырау облысының кейжерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Атырау қаласында түнде 15 қаңтарда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай