Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауа райы: Сәрсенбіде елімізде күн ыстық болады, кей жерлерде жел күшейіп, жаңбыр жауады

2021 жылдың 21 шілде 2021 02:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбіде елімізде күн ыстық болады, кей жерлерде жел күшейіп, жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 шілдеде көшпелі циклонның атмосфералық ағындарына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады. Өткінші жаңбыр жауады, найзағайжарқылдайды, кей жерлерде бұршақ жауады, тек еліміздің солтүстігінде күн райы ашық болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында найзағай ойнап, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады, Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ жауады.

Күндіз Маңғыстау облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады, оңтүстік облыстарда қатты ыстық болады. Алматы облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай