Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Аудиокассеталар қайта оралады – зерттеу

2019 жылдың 18 қазан 2019 22:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Аудиокассеталардың сатылымы артты, дегенмен, магнитафон ленталары дефицит болып тұр», деп жазады Die Welt.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ, Ұлыбритания, Германияда аудиокассетаның сатылымы артқан.

Nielson Music компаниясының мәліметтеріне сенсек, 2018 жылы АҚШ-та аудиокассеталар сатылымы былтырғы жылмен салыстырғанда 23%-ға, ал Ұлыбританияда 125%-ға өскен.

«Аудиокассеталарға сұраныстың артқаны соншалықты, АҚШ-тағы ең ірі өндіруші National Audio Company (NAC) шикізат дефициті туралы жариялаған. Олар магнитафон лентасын қабаттауға қажетті темір оксидінің (III) жетіспей жатқанын айтқан», - деп жазады басылым.

Автордың жазуынша, бұл шикізатты өндіретін жалғыз зауыт былтыр жөндеу жұмыстарына жабылған.

Жоғары қарай